“Ќазаќстан Республикасыныѕ Конституциясы” немесе Ата Заңды қорлағандарды кім жауапқа тартады?
… Күйдіргілер көп қой…Жақында ҚР Дін істері агенттігі өздерінің интернет-сайтын ашты. Адресі: http://din.gov.kz Дұрыс қой енді. “Жаңа ғасыр”… 2012 жыл. Бірақ… Жалпы менің қаным қайнайтын кездер бар. Ол, мен біреуге қазақ тілін, яғни мемлекеттік тілді құрметтеу керектігін, ол тілде ақпарат алуға құқылы екенімді айтып жатқан кезде, екінші адамның “Орыс тілі ресми тіл. Бұл халықаралық тіл. Ұлтшылдық жақсылыққа апармайды. Өзгелер үндемей отырғанда, сенікі не?..” деген секілді, айналғанда өзімді кінәлі қылып, қазақ болғаның үшін мал болып кететін кездер.

Екіншісі, сол өздері айта беретін жаңа ғасырда өмір сүріп тұрып, мемлекеттік мекемелер мен банк жүйелерінде қазақ әріптерінің қате немесе мүлдем қолданылмауы. 2002 жылы алғаш жеке компьютеріме отырсам, содан есімде, Windows 98 жүйелері жаппай қолданылып тұрған кезде, қазақ әріптері шынайы проблема болатын. Бірнеше қазақ тілінің драйверлері бар етін. Біреудің қазақша шрифті екінші біреудің қазақшасын қолдамайтын. Үнемі конвертермен жүретінбіз. Қалай Windows XP шықты. Солай көзіміз ашылған етін. Оған да 10 жылдай болып қалыпты. Бірақ… Біздің мемлекеттік мекемелер өткен ғасырда қалып қойған сияқты. Күннің жадысы 2012 болса да әлі күнге дейін қазақша шрифттің проблемасымен отыр. Ағайын-ау, бұл не?

Өзгені қайдам, Ата Заңымызды осыншалықты күйге түсіру, мен үшін оны қасақана қорлаумен бірдей! Осыған жауапты адамды сотқа берер ме еді? Әттең жүргім келмейд, надандармен арпалысып. Қол астындағы мекеменің сайтында әріптер қандай болып шығып тұрғанын Қайрат Лама Шәріп көз салып қарамайды да ғой. Неткен жауапсыздық десеңізші?.. Саналарына берсін!

Әңгіме былай, жер лай емес. Очм, әшкиім сынып қалғанына біраз уақыт болған. Қайта барып тапсырыс беруге қол тимеді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультеті 3 курс студенттері, яғни 301 топ арасында «Тек қана қазақша сөйлеу» науқанының басталғанына екі аптадан астам уақыт өтті. Бұл іс-шараның мақсаты қазақ тілін алашұбарлықтан құтқару. Яғни, алаңға шығып бәз-біреулердей ұран тастап «мен мынаны істеп жатырмын!!!» деп аттанды салмай, әр кім өзінің жеке басынан бастау арқылы қоғамдық пікірді қалыптастырып, қазақ тілінің өміршеңдігіне қарлығаштың қанатымен су тамызғандай болсын үлес қосу. Аталмыш шараның «күнделікті ауыз екі қолданыстағы орысша сөздерді араластырмау, қадарынша көнерген сөздерді тілдік қолданысқа енгізуге талаптану» деген сияқты бірнеше қағидалары бар. Және қай жерде болсын, бастысы қоғамдық орындарда тиісінше қазақ тілінде сөйлеу, сұраныс жасап, тіл қатқан кез-келген адам баласына ұлттық тілде жауап беру басты талаптардың бірі екенін айта кеткен орынды.
Құпиямды ашайын. Кешеден бері не жүріс дегендерге (келіншегім оқып отырса — дұғай сәлем!). Үкіметтік Емес Ұйымдардың мәжілістерінің біріне, Вашингтон Университетінде (жақшаның ішіне АҚШ деп көрсетпей кетсем ше, хых-хых-хых)… қазақ тілінен(!) сабақ беретін Талант Мауқанұлы деген маман келеді деп еді.Профессор, үш тілді жетік меңгерген (қалған екеуі: қытайша мен ағылшын). Қазақ тілінен сабақ беретін адам көрмей жүрсің бе деме: брошюрада оның, сабақтарды оқытуда мультимедиалық тәсілдер қолданады деді ғой! Ал мультимедиалық технологиялар енді — менің «кәйпім» (егер мультимедиалық технологиялар біреудің әйелі болса, мен оны алып қашар едім, ал керек болса тіптен! ). «АҚШ қатты озып кеткен жоқ па?» деген күдік те бар баяғы.